Синоптиктер Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтарына жүгініп, ескерту жасады

Сурет: primeminister.kz
Синоптиктер бейсенбі, 2025 жылы 18 желтоқсанда Атырау қаласында ауа сапасы нашарлауы мүмкін екенін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2025 жылғы 18 желтоқсанда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Атырау қалаcында күтіледі", делінген "Қазгидромет" РМК-ның хабарламасында.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Мұндай кезде қала тұрғындары, әсіресе тас жолдар немесе басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада жүру уақытын азайтқаны жөн. Ал өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары немесе аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауаға шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге ала жүруі тиіс.

Айта кетсек, 2025 жылғы 18 желтоқсанда еліміздің басым бөлігінде боран соғып, қар жауатыны болжанады.

Атырау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды

"Ақерке". Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды

Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды