Қонаев қаласында төтенше жағдай жарияланды

Сурет: Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 18 желтоқсанда Қонаев қаласында жергілікті масштабтағы төтенше жағдай (ТЖ) жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 11–12 желтоқсан түнінде қатты желдің (жылдамдығы – 25 м/с-тен астам) салдарынан бірнеше тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары зақымданып, көшедегі жарық бағаналары істен шыққан.

"Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ("Азаматтық қорғаныс туралы", "Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдар), Қонаев қаласының әкімі жергілікті масштабтағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. 17 желтоқсаннан бастап ресми түрде ТЖ жарияланды", – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ведомствода атап өткендей, зақымдалған объектілерде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын төтенше резерв қаражаттары есебінен жүргізу жоспарланған.

"11 желтоқсаннан бастап қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта Қонаевтағы жағдай тұрақты: электрмен, сумен және жылумен жабдықтау қалыпты режимде жұмыс істеуде", – деп толықтырды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қонаев қаласында желден шатырлары ұшқандықтан ТЖ жарияланатыны хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды