Қазақстандық 43 рет жол ережесін бұзған соң автокөлігінен айырылды

Фото: unsplash
Таразда полиция қызметкерлері Mitsubishi Pajero маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік жүргізушісі ұзақ уақыт бойы жол ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін жауапкершіліктен жалтарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, тексеру барысында жүргізушінің 43 жол ережесін бұзғаны, олардың барлығы жылдамдықты асыруға қатысты екені анықталған.

Көлік жүргізушісі жол қозғалысы ережелерінің талаптарын жүйелі түрде елемей, басқа қатысушылардың өміріне қауіп төндірген. Құқықбұзушының автокөлігі арнайы тұраққа қойылды.

Полиция тағы бір ескертеді:

"Жылдамдықты асыру – ауыр жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі болып қала береді. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін және жылдамдық шектеулерін сақтауға шақырамыз".

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді