Алматы метросында түтін шықты: жолаушылар шұғыл эвакуацияланды

Сурет: Zakon.kz
Алматыдағы "Абай" метро станциясында 24 желтоқсанда метрополитен жұмысы аз уақытқа тоқтап қалды. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға қысқа тұйықталумен байланысты болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға туралы сигнал «112» қызметінің пультіне метрополитен диспетчерінен түскен. Оқиға орнына ДЧС-тің күштері мен құралдары жедел түрде жіберілді. Тексеру барысында ашық жану белгілері анықталған жоқ.

Метрополитеннің хабарлауынша, машинист дер кезінде пойызды тоқтатып, жолаушыларды түсіруді ұйымдастырған. Құрам техникалық тексеру жүргізу үшін депоға жөнелтілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері анықталып жатыр, жабдықтарға компьютерлік диагностика жасалып жатыр.

Жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін резервтік құрам іске қосылды. Пойыздар қозғалысы 15 минут ішінде қалпына келтірілді.

Қазіргі таңда метро штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді