Абсолютті рекорд: 2026 жылдың жазы Қазақстан тарихындағы ең ыстық жаз болды

Алматы, зима в Алматы, снег в Алматы, виды Алматы, город Алматы, виды города Алматы, пейзаж Алматы, Алматинский пейзаж, панорама Алматы, достопримечательности Алматы, достопримечательности города Алматы, туризм в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2026 14:09 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылдың жазы қандай болғанын көрсететін жедел мониторинг нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарияланған мәліметке сәйкес, 2026 жылдың жазында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасының оң ауытқуы байқалды.

Жазғы маусымдағы орташа ауа температурасы климаттық нормадан 2,15°C жоғары болды. Осылайша, 2026 жылдың жазы бүкіл бақылау тарихындағы ең ыстық жаз ретінде тіркелді.

"Ауа температурасының ең жоғары оң ауытқулары Ақмола және Қарағанды облыстарының шығысында, Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде және Абай облысында байқалды", – делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.

Мәселен, климаттық нормадан ең жоғары оң ауытқу +4°C болды. Бұл көрсеткіш Қарағанды облысындағы Бесоба метеостанциясында тіркелді.

Сонымен қатар жазда жауған жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан 7,12 мм төмен болды.


"2026 жылдың жазында Қазақстан аумағында жауын-шашын біркелкі түскен жоқ", – деп қорытындылады метеорологтер.

Қалай болғанда да, жаз аяқталды. Енді салқын күндерге дайындалатын кез келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: