Алматы Жаңа жыл мерекесі қарсаңында нағыз ертегідей түрленді

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қаланың орталық алаңдары мен саябақтардан бастап шеткі шағынаудандарға дейінгі барлық аумағы безендіріліп, жылылыққа, жайлылық пен қысқы сиқырға толы біртұтас мерекелік орта қалыптасты.

Абай және Астана алаңдары, Арбат, Панфилов көшесі, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ, "Алматы Арена" мен "Атакент" сынды дәстүрлі жаңа жылдық орындар ретінде мерекелік іс-шаралардың негізгі орталығына айналды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұнда жәрмеңкелер, концерттер ұйымдастырылып, тұрғындар үшін отбасылық серуендерге қолайлы жағдай жасалды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл мерекелік безендіру ауқымы кеңейіп, әрбір тұрғынға қуаныш сыйлау мақсатында жаңа безендірілген қоғамдық кеңістіктер пайда болды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл игі іске қалалық кәсіпкерлік нысандары да қомақты үлес қосты. Сауда орталықтары, дәмханалар, мейрамханалар, қонақ үйлер мен кеңсе ғимараттары қасбеті мен витринасын сәндеп, қаланың жаңа жылдық көркін одан әрі айшықтай түсті.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қалалық кеңістіктің көркемдік мазмұнына ерекше мән берілді. Алматының әр түкпірінде ертегі кейіпкерлерінің жарық мүсіндері, 2026 жылдың нышандарымен көмкерілген арт-нысандар, қар ұшқыны, сыйлық, бұғы және жаңа жылдық шар бейнесіндегі сәндік композициялар бой көтерді. Бұл көркем инсталляциялар қала тұрғындары мен қонақтары үшін сүйікті фотосурет түсіру алаңына айналды.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биылғы мерекелік безендіруде "Таза Қазақстан" тақырыбындағы шағын сәулет нысандары айрықша орын алды. Олар жаңа жылдық сән мен экологиялық идеяны ұштастырып, табиғатқа жанашырлық таныту мен экологиялық жауапкершілік мәдениетін дәріптейді.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды