"Қауіпсіз шот": Алаяқтар тағы бір айла ойлап тапқан

Фото: freepik
Бас прокуратура телефон арқылы алдайтын алаяқтардың жаңа схемасын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Astana TV дерегіне сүйенсек, қаскөйлер алдымен жәбірленушінің телефонына 1414 нөмірінен SMS-код келтіріп, артынан қоңырау шалып өзін банк, мемлекеттік орган өкілі немесе курьер ретінде таныстырып, кодты сұрайды.

Кейін басқа нөмірден қайта хабарласып, өзін ҰҚК қызметкері деп таныстырып, "код айтып қойдыңыз" деп қорқытады. Артынша ақшаны "қауіпсіз шотқа" аудару керек деп алдауға тырысады.

"Ескеріңіз! Ешқандай "қауіпсіз шот" деген болмайды. Мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан 1414-тен келген бір реттік кодты, карта деректерін немесе парольді сұрамайды",- деп жазды басылым.

Бұған дейін ақмоладағы мектептен Калашников автоматы мен екі мылтық қолды болғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы баспананы жекешелендіру тәртібі өзгерді

Пробация инспекторлары ес-түссіз жатқан сотталған азаматтың өмірін сақтап қалды

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қызметтік көлікпен әйелді қағып өлтіріп, қашып кеткен: Алматы облысындағы ХҚКО қызметкеріне қатысты дау