Ақмоладағы мектептен Калашников автоматы мен екі мылтық қолды қылған

Школа, школы, школьные занятия, уроки , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2025 09:27 Фото: Zakon.kz/Алия Абди
Білім ордасының мүлкін қолды қылған Ақмола облысының тұрғынына 3 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Almaty.tv телеарнасының ақпаратынша, қылмыс 2024 жылы Бұланды ауданының Макинск қаласында жасалған. Мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жергілікті тұрғын металл сейфтен оқу-жаттығуға арналған мылтықтарды қолды қылған. Күдікті кінәсін толық мойындады.

"Күдікті сейфтің есігін бұзып, оқу-жаттығуға арналған Калашников автоматын, екі Байкал пневматикалық мылтығын және бір пневматикалық мылтықты қолды қылған. Жалпы шығын көлемі үш жүз мың теңгеден асады", – деді Полиция департаментінің аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

Сот оған 3 жыл бас бостандығынан шектеу туралы үкім шығарды.

Бұған дейін Көлік министрлігінің Ақтаудағы ұшақ апатына қатысты тергеудің тың мәліметтерімен бөліскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: