Қазақстанда 2025 жылы нәрестелерге қандай есімдер жиі берілді

Фото: unsplash
ҚР Ұлттық статистика бюросының мамандары 26 желтоқсанда қызықты статистика ұсынды. Мамандар жылды қортындылап, 2025 жылы Қазақстанда нәрестелерге қандай есім жиі берілгенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, 2025 жылы ұлдар арасында Мұхаммед, Алихан, Айсұлтан, Омар және Алдияр есімдері ең танымал болды.

2024 жылмен салыстырғанда ұлдарға қойылған танымал есімдер тізімі өзгеріссіз қалды. Аймақтық тұрғыдан алғанда, ұлдарға ең жиі қойылған есімдер Мұхаммед пен Алан.

2025 жылы дүниеге келген қыздарға көбіне Айлин, Асылым, Медина, Айша және Томирис есімдері берілген. Аймақтарды алып қарасақ, Айлин есімі ең танымал болып шықты, 20 аймақтың 16-да осы есім ең танымал болған.

Биылғы қыздар есімдері арасында да алғашқы бестік былтырғы тізіммен бірдей болып шықты.

Сонымен қатар, осы жылы орыс ұлтының өкілдері арасында ең танымал есімдер Ева мен Мирон болса, өзбек ұлтының өкілдері арасында Мухаммад пен Хадича есімдері тізім басында тұр.

Сурет: stat.gov.kz

Бұған дейін National Geographic видеосы желіде вирусқа айналғанын жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды