2800 теңгеден бастап: Астаналықтарға төменгі бағадағы етті қайдан сатып алуға болатыны айтылды

Фото: Zakon.kz
Астанада дәстүрлі түрде демалыс күндері өтетін ет жәрмеңкесі 2025 жылғы 27-31 желтоқсан аралығында бес күнге ұзартылды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Zakon.kz.

Жеткізілімдер Ақмола, Түркістан, Павлодар, Қарағанды облыстары мен Абай облысының фермерлерінен тікелей жүзеге асырылады, бұл нарықтағы бағаларды төмен деңгейде ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Ет бағалары:

Ет жәрмеңкесі Keryen Joly сауда орталығының автотұрағында (Алаш  тасжолы, 35Б) өтеді.

Сонымен қатар, осы күндері сауда орталығы аумағында қала ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жұмыс істейді, онда Қазақстанның әр өңірінен келген фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Бұл жерде картоп, пияз, сәбіз және жемістер ең төмен бағамен сатылады.

Жәрмеңке күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматыдағы демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер үш күндік форматқа көшетіні хабарланған болатын. Жаңа жылға дейін Ауэзов және Бостандық аудандарындағы жәрмеңкелер жұма, сенбі және жексенбі күндері кеңейтілген форматта жұмыс істейді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады