"Алматы – Ташкент" автожолында жүк көлігі өртенді

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында жүк көлігіндегі өрт сөндірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өткен түнде Жуалы ауданында, "Алматы – Ташкент" автожолының 554-шақырымында тіркемесі бар жүк көлігінде өрт шықты.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел түрде жетті.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде жүк тиелген бір тіркеме өрттен аман сақталып, оттың әрі қарай таралуына жол берілмеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алғашқы финал: Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Тоқаев Марокко мен Кубаға жаңа елшілерді тағайындады: олар туралы не белгілі

Марат Байқамуров дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі