Еліміздің бірқатар өңірінде 5 қаңтардан бастап қасқыр мен шибөрілерді аулауға рұқсат етіледі

Сурет: pixabay
ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 2026 жылға арналған Қазақстан Республикасының аумағында қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі айқындалған биологиялық негіздеменің әзірленгенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 "Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттелген.

"2026 жылдың 5 қаңтарынан бастап сағат 10:00-ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді болады. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген", делінген комитет хабарламасында.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелдер болған жағдайда ғана беріледі.

Бұған дейін Түркістан облысында өрістегі малға қасқыр шауып, қарашадан маза кеткені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды