"Таза Қазақстан": онлайн-платформаға астаналықтардан 3 600-ден астам өтінім түсті

Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Елордада абаттандыру, көгалдандыру және жол жөндеу мәселелері бойынша өтінім жолдауына арналған "Таза Қазақстан" онлайн-платформасының жұмысы нәтижелі түрде жалғасып келеді. Қала тұрғындары арасында бұл қызметке сұраныс жоғары, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, "Таза Қазақстан" платформасы арқылы әрбір қала тұрғыны абаттандыруға қатысты өзекті мәселелерді көтере алады.

"Платформа іске қосылғаннан бері мұнда барлығы 3 669 өтінім келіп түскен. Оның 3 305-і толық орындалған, тағы 3 өтінім орындалу үстінде, қалғаны – қаралу сатысында. Өтінімдердің басым бөлігі аумақтарды абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, жол жөндеу, көгалдандыру, сондай-ақ рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою мәселелеріне қатысты",- делінген ақпаратта.

Барлық ескерту мен ұсыныс уақтылы қаралып, тұрғындарға келтірілетін қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

"Таза Қазақстан" қызметінің басты артықшылығы – тұрғындармен жедел әрі ашық байланыстың қамтамасыз етілуі.

Бұған дейін Алматыда Жаңа жыл түні 21 сәби дүниеге келгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы