Ақтөбе облысындағы тасжолда ауыр жүк көлігі қар құрсауында қалды

Сурет: ҚР ТЖМ
Ақтөбе қаласына жақын орналасқан облыстық маңызы бар Оңтүстік айналма автожолында қар құрсауында қалған жүк көлігінің жүргізушісіне құтқарушылар көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқару бөлімшелері ауыр жүк көлігін қар құрсауынан сәтті шығарып алды.

"Көлік салонында бір адам болған, ол зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Құтқарушылар қыс мезгілінде жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға және ауа райы жағдайын ескеруге шақырды.

Бұған дейін Ақмола облысында өз үйінде қиын жағдайға тап болған әжейге құтқарушылардың көмектескені хабарланған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Жалға алынған жерді жеке меншікке рәсімдеу тәртібі бекітілді