Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірісі тоқтатылды: 4 тонна прекурсор тәркіленді

Сурет: polisia.kz
4 қаңтар күні Қарағанды облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері 33 жастағы күдіктіні ұстады. Ол жеке үйде синтетикалық есірткі өндірісін ұйымдастырған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ІІМ таратқан ақпарға сүйенсек, тінту барысында оқиға орнынан 20 келі мефедрон, жарты тоннаға жуық дайын кристалды өнім, конструкторлар мен химиялық реагенттер салынған канистрлер, сондай-ақ есірткі өндірісінде қолданылатын шамамен 4 тонна прекурсор тәркіленді. Осылайша, 1,5 миллион бір реттік дозаның заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді, яғни жүздеген адам құтқарылды.

Есірткі өндірісін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Ұйымдастырушы өмір бойына бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Бұған дейін СҚО-да соңғы Ұлы Отан соғысы ардагері көз жұмғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді