"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республика аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Соның салдарынан еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Тек атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты елдің батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Ал Қазақстанның солтүстігінде аздаған қар жауып, аздап боран соғады", - деп хабарлады синоптиктер.
Сондай-ақ республика бойынша тұман түсіп, екпіні күшті жел соғуы мүмкін.