Астанада екі көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Сурет: pexels
Астанада 27 маусым мен 1 шілде аралығында бірқатар көшеде жол төсемінің үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елорда әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша жөндеу жұмыстары мына көшелерде жүргізіледі:
- Баршын көшесінде Н. Тілендиев даңғылынан С. Мұқанов көшесіне дейінгі учаскеде;
- С. Мұқанов көшесінде Баршын көшесінен Айналма жолға дейінгі учаскеде.
Осыған байланысты көлік қозғалысы екі бағытта жолдың бір жағымен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
