ШҚО-да полицейлер инсульт алған жүргізушіні құтқарып қалды

Фото: Zakon.kz
8 қаңтарда сағат 20:00 шамасында Белоусовка ауылының тұрғыны автокөлігімен Өскеменге азық-түлік алуға бара жатып, облыс орталығына кіре берісте денсаулығының күрт нашарлағанын сезген.

61 жастағы жүргізуші өзін жайсыз сезінгендіктен, көлігін жол жиегіне тоқтатуға мәжбүр болған. Жол жиегінде тұрған көлік патрульдік полиция батальонының экипажының назарын аударды.

Қызметке жаңадан кірісіп, бекітілген бағытты тексеріп жүрген Ақылбек Базылбеков пен Ғазиз Шәменов бірден көмекке келді.

Тексеру барысында полицейлер ер адамның бойынан инсульт белгілерін байқаған. Уақыт жоғалтпастан, тәртіп сақшылары шұғыл шаралар қабылдап, жүргізушіні №1 қалалық ауруханаға дейін алып барды. Нәтижесінде науқасқа дер кезінде медициналық көмек көрсетілді.

Полиция азаматтарды көлік басқару кезінде, әсіресе қыс мезгілінде денсаулығына мұқият болуға шақырады. Өзіңізді нашар сезінген жағдайда қозғалысты дереу тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну қажет.

Қандай да бір қиын жағдайларда "102" нөміріне хабарласудың немесе жақын маңдағы полиция экипажына жүгінудің маңызын еске салады,.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты