Астанадағы қасбеттің құлауы: Министрлік тергеу аяқталған соң шаралар қабылдамақ

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі 2026 жылғы 9 қаңтарда салынып жатқан объектілердің сапасын жақсартуға бағытталған шаралар туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ақпарға сүйенсек, мемлекеттік бақылауды күшейту аясында нысандардың құрылыс сапасын бақылау механизмдерін жетілдіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

"Құрылыс сапасын уақытылы тексеру және бұзушылықтарды, соның ішінде лицензияны, аккредитацияны немесе аттестатты тоқтату арқылы жазалау шараларын қолдану мақсатында "жедел әрекет ету шарасы" атты жаңа бақылау формасы енгізілді. Бұдан бөлек, салынатын нысандарды мониторингтеу механизмі жетілдірілді, яғни, инспекторлар аралау арқылы визуалды тексеру жүргізеді, бұл сапасыз және заңсыз құрылыс нысандарын уақытылы анықтауға мүмкіндік береді", – деп мәлімдеді ведомство.

Сонымен қатар, министрлік Қазақстанның Құрылыс кодексінде барлық құрылыс кезеңінде және нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде бақылауды күшейтетін нормалар қарастырылғанын еске салды. Оған "нысандарды жоспарлы инспекциялау" механизмі енгізілген және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде қатысады. Бұл ретте, құрылыс процесіне қатысушылардың жауапкершілігі нақты көрсетіледі.

"Сонымен қатар министрлік ресми ақпарат алынған соң (Астанадағы қасбеттің құлау себебі бойынша – ред.) алдын алу шараларын жүйелі түрде қабылдайтын болады", – деп уәде берді министрліктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін соттың қазақстандық азаматтың алимент мәселесіне қолдау көрсеткенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды