Талдықорғанда ірі көлемде борышын өтемеген жүргізуші анықталды

Сурет: polisia.kz
"Жалған нөмір" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Талдықорғанда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған жүргізушіні анықтады.

"Қорғау" мобильді қосымшасын пайдалану арқылы полиция қызметкерлері Kia Sorento автокөлікті тоқтатты. Көлікті Ескелді ауданының 24 жастағы тұрғыны басқарған.

Тексеру барысында кейінгі бір жыл ішінде Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы аумағында аталған көлікке қатысты жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бірнеше рет тіркелгені анықталды.

Заң талаптарына сәйкес, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілік көлік құралының иесіне жүктеледі. Әкімшілік заңнама нормаларына сәйкес автокөлік ұсталып, Талдықорғандағы арнайы айып тұрағына қойылды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы