Ақтөбеде тергеу изоляторына сөмкенің ішіне жасырын тігіп, телефон кіргізбек болған

Сурет: polisia.kz
Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №70 тергеу изоляторында тыйым салынған затты мекемеге жасырын алып кіру әрекетінің жолы кесілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мекемеге тапсырылған сәлемдемені рентген-телевизиялық құрылғы арқылы тексеру барысында сөмкенің ішіне жасырын тігілген Redmi ұялы телефон анықталып, тәркіленді.

Белгілі болғандай, аталған тыйым салынған затты 65 жастағы қала тұрғыны мекемеде қамауда отырған ұлына жасырын түрде жеткізбек болған.

Әйел өз кінәсін толық мойындады. Аталған дерек бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, іс материалдары Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды