Алматы облысында мал ұрлығының бірқатар дерегі анықталды

Сурет: polisia.kz
Еңбекшіқазақ ауданында полиция қызметкерлері адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған мал ұрлығының бірқатар дерегін ашты. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақши ауылының 20–25 жас аралығындағы төрт тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар малды заңсыз атып, кейін етін бөлшектеп, қылмысты жасыру мақсатында етін әкету әрекеттерін жасады деген күдікке ілінді. Күдіктілер қамауға алынды.

Тергеу барысында аталған заңсыз әрекеттер жергілікті тұрғындар арасында кең қоғамдық резонанс тудырғаны анықталды.

Тінту жүргізу кезінде Ақши ауылының үйлерінің бірінен аңшылық қару және бөлшектелген жылқының еттері табылып, тәркіленді. Айғақ заттар қылмыстық істің материалдарына тіркеліп, ет заңды иесіне қайтарылды.

Сурет: polisia.kz

Жәбірленушілер полиция қызметкерлерінің жедел жұмысына ризашылықтарын білдіріп, құқық қорғау органдарына алғыстарын жеткізді.

Аталған қылмыстық істің тергелу барысы Алматы облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы