Бұл жөнінде 2026 жылғы 12 қаңтарда қадағалау органының баспасөз қызметі мәлім етті.
"Талдықорған қаласының прокуроры берген талап-арыз бойынша сот жеке тұлғаға "Ардагерлер паркі" аумағына іргелес 4,1 гектар жер телімін заңсыз беру фактісін танып, аталған жерді мемлекет меншігіне қайтару туралы шешім қабылдады", – делінген хабарламада.
Қадағалау барысында бұл жер телімінің орман-саябақ аймағына жататыны және 2006 жылы заңсыз түрде жекеменшікке берілгені анықталған.
"Кейіннен жердің иесі бұл аумақты 44 бөлек жер теліміне бөліп, оларды 13 жеке тұлғаға сатқан", – деп нақтылады Жетісу облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Сот шешімі заңды күшіне енгені де атап өтілді.
Бұған дейін Қазақстанда 2,1 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылғаны хабарланған болатын.