Ақауы бар жолдар: Қазақстандықтар жаңа учаскелерде төлемнен босатылады

Фото: Zakon.kz
Қазақстанның Көлік министрлігі редакциямыздың автожолдардың ақаулы учаскелерінде жол ақысы алынбайтыны жөніндегі сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Министрлік бүгінгі таңда ақаулы деп танылған жол учаскелері Тараз – Қайнар және Ақтау – Бейнеу бағыттарындағы ақылы жолдар екенін еске салды.

"Сонымен бірге, ҚР Көлік министрлігінің Автожол комитетінде басқа ақылы жол учаскелерінде төлемді уақытша тоқтату жөніндегі ұсыныстар қаралуда. Төлемді уақытша тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ ресми интернет-ресурсында белгілі ақылы жол учаскелерінде төлемнің уақытша тоқтатылатыны туралы хабарлама жарияланады", – делінген ведомство жауабында.

Одан кейін, Көлік министрлігі атап өткендей, ақаулы учаскелерде жол ақысы жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін алынбайды.

Бұған дейін біз ақылы жолдардан Қазақстан азаматтарынан 79 млрд теңге жиналғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін