Скринингтен өту тәртібінде не өзгерді
Фото: Zakon.kz
Атап айтқанда, қағидалар жұмыскердің тіркелген жері бойынша амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымының оны скринингтен өту қажеттігі туралы хабардар етуін көздейтін тармақпен толықтырылды.
Хабарлама цифрлық денсаулық сақтау объектілері, телефон немесе ұялы байланыс, "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы, сондай-ақ МЦС-пен интеграцияланған алгоритмдік жүйелерді қолдана отырып, автоматтандырылған телефон қоңыраулары арқылы жіберіледі.
Сонымен қатар медициналық ұйым еңбек жөніндегі уәкілетті органның цифрлық жүйелерімен интеграция арқылы жұмыс берушіге скринингтен өтуге тиіс жұмыскерлер туралы мәліметтерді жолдайды.
Скринингтік зерттеулер жүргізу үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйымдар азаматтарды мына тәсілдермен шақыратыны нақтыланды:
- - SMS-хабарлама жіберу;
- - үй-үйді аралау;
- - ресми интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілердегі парақшаларда ақпараттық науқандар өткізу;
- - жоғарыда аталған байланыс арналарының бірін пайдалану.
Бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.