Алматыда полицейлер жаңа жыл түні жасалған ұрлықтың бетін ашты

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда жаңа жыл түні жасалған пәтер ұрлығы әшкереленді. Қаланың Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйге заңсыз кірген.

Күдіктілер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтыннан жасалған зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қолды еткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты.

Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті үш азаматтың жеке бастары анықталып, барлығы ұсталды.

Арнайы операцияны қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Әуезов аудандық полиция басқармасымен және полицияның арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізді.

Тергеу барысында ұсталғандардың екеуі бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр.

"Күдіктілер мерекелік түні пәтер иелері үйде болмайды, ал адамдардың назары мейрамға ауған болады деп үміттенген. Алайда олардың заңсыз әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Үш күдікті де ұсталып, ұрланған мүліктің бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта олардың қылмыстық әрекеттерінің өзге де эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасуда", — деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Даулетияров.
Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды