Мұны Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, отбасылық жанжал барысында ауыл тұрғыны азаматтық жұбайына пышақпен екі рет соққы жасап, салдарынан жәбірленуші бірнеше сағаттан кейін көз жұмған.
Әйелдің денесіндегі жарақаттарды туыстары анықтаған.
Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстап, қамауға алды.
"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Тергеу шараларының нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес процессуалдық шешім қабылданатын болады".Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі