ТЖМ iPhone, Huawei, Xiaomi-ге қатысты мәселе жайлы: шұғыл хабарламалар бәріне бірдей келе бермейді

Сурет: pexels
Төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) Cell Broadcast технологиясын қолдана отырып, халықты мобильді құрылғылар арқылы жедел құлақтандыру жүйесін енгізу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ кейбір өңір тұрғындарының маңызды хабарламадан тыс қалу ықтималдылығы да бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство мәліметінше, жүйені еліміздің барлық аумағында кезең кезеңімен енгізу мақсатында сейсмикалық белсенді 11 өңір анықталды.

Қазіргі уақытта "Mass Alert" ақпараттық жүйесіне Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Алматы, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстары қосылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар барысында ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығымен бірлесіп, қытайлық кейбір мобильді құрылғыларда (Huawei, Xiaomi және т.б.) Cell Broadcast арқылы жедел құлақтандыру қызметі операциялық жүйе баптауларында әдепкі қалпында өшіріліп тұрғаны анықталды. Соның салдарынан мұндай құрылғылардың иелері "Mass Alert" ақпараттық жүйесі арқылы жіберілетін төтенше хабарламаларды алмауы мүмкін.

Сонымен қатар төтенше хабарламаларды алмау қаупі мына жағдайларда сақталады:

Аталған құрылғыларда Cell Broadcast хабарламаларын қабылдау баптаулары шектеулі болуы, мүлде болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Бұл жағдай қауіп төнген кезде немесе төтенше жағдайлар туындағанда азаматтардың жедел ақпаратты уақытында алмауына әкелуі мүмкін.

Осыған байланысты салалық министрлік азаматтарға мыналарды ұсынады:

Бұған дейін азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру ережелеріне өзгерістер енгізілгенін хабарлағанбыз

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі