Астанада биыл 5 мыңнан астам ата-ана жауапқа тартылды
Фото: Zakon.kz
Жыл басынан бері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша кәмелетке толмағандардың заңда белгіленген уақыттан кейін тұрғын үйден тыс жерде болуына жол берген 5 324 заңды өкіл әкімшілік жауаптылыққа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кезекті профилактикалық іс-шара барысында түнгі сағат бір шамасында полиция қызметкерлері жасы 12 мен 16 аралығындағы жасөспірімдер тобын анықтады.
Олар ересектердің қарауынсыз елордадағы тұрғын үй кешендерінің бірінің маңында жүрген. Жасөспірімдер полиция бөліміне жеткізіліп, кейін заңды өкілдеріне тапсырылды. Ата-аналарына қатысты әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.
Полиция Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес кәмелетке толмағандарға түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуға тыйым салынатынын еске салады.
"Ата-аналарды балаларының қайда жүргенін бақылауға, олармен үнемі байланыста болуға және араласатын ортасын білуге шақырамыз", – делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript