Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Қазақстанда автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қатысты нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді. Енді қозғалыс қарқыны төмен жолдарда балама технологиялар мен жабын түрлерін қолдануға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2026 11:08 Сурет: primeminister.kz
Қазақстанда автомобиль жолдарын орташа жөндеуге қатысты нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізілді. Енді қозғалыс қарқыны төмен жолдарда балама технологиялар мен жабын түрлерін қолдануға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көлік министрлігінің 2026 жылғы 25 маусымдағы мәліметінше, өзгерістер суық ресайклинг технологиясын кеңінен қолдануды, сондай-ақ көлік қозғалысы аз жолдарда жол төсемдерінің балама түрлерін пайдалануды көздейді.

Ведомствоның мәліметінше, жергілікті жол желісінің едәуір бөлігі шағын елді мекендерге қызмет көрсетеді. Мұндай жолдарда тәулігіне 200-ден аз көлік қозғалады.

Осыған байланысты қымбат асфальт-бетон жабындысын төсеу әрдайым экономикалық тұрғыдан тиімді бола бермейді. Мамандардың айтуынша, асфальт-бетон жабындысының құны өтпелі үлгідегі жабындарға қарағанда 1,5-3 есе жоғары болуы мүмкін, ал кейбір ауылдық жолдардағы көлік жүктемесі күрделі жол құрылымдарын қажет етпейді.

Сондықтан жаңа нормалар жолдың техникалық санатын өзгертпей-ақ қиыршық тас және қиыршық-құм қоспасынан жасалған жабындарды, топырақты тұрақтандыру технологияларын және жол төсемдерінің өзге де балама түрлерін қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар бұл өзгерістер халықаралық көлік дәліздеріне, стратегиялық нысандарға, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне және басқа да әлеуметтік маңызы бар нысандарға апаратын жолдарға қолданылмайды.

Бұдан бөлек, суық ресайклинг технологиясын пайдалану мүмкіндігі де кеңейтілді. Бұрын қайта өңделген материал негізінен жол төсемінің төменгі қабатын жасауға қолданылса, енді оны жол жөндеудің басқа да бағыттарында пайдалануға нормативтік тұрғыдан рұқсат берілді.

Министрліктің мәліметінше, бұл технология жол құрылымындағы материалдардың 100 пайызға дейінгі бөлігін қайта пайдалануға, жаңа инертті материалдар мен битум шығынын азайтуға және жобалық шешімдерге қарай жөндеу құнын 20-40 пайызға дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ жаңа өзгерістер аясында топырақ жолдарды қиыршық тас немесе қиыршық-құм жабындысы бар жолдарға айналдыруға, сондай-ақ тұрақтандырғыштар қолдану арқылы жақсартылған топырақ негізіндегі жолдарды салуға құқықтық негіз қалыптастырылды.

Мамандардың пікірінше, бұл шешім ауылдық елді мекендердің жыл бойы көлік қатынасымен қамтамасыз етілуіне және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға ықпал етеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысындағы Ізімбет пен Ембі елді мекендерінің арасындағы 40 шақырымдық автожол учаскесінде жөндеу жұмыстары басталғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: