Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 12:34 Сурет: Абай облысы әкімдігі
Алматы – Өскемен автожолында полиция қызметкерлері күдік тудырған Yutong маркалы автобусты тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сырт көзге қалыпты қозғалыста болған көлік құралының техникалық жағдайын тексеру барысында Абай облысының полицейлері бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтқанда, автобус белгіленген тәртіппен келісілмей, өз бетінше қайта жабдықталған. Тексеру кезінде көліктің ортаңғы есігі зауыттық талаптарға сай емес, қолдан жасалған конструкциямен орнатылғаны белгілі болды.

Автобустың есігін өзі жөндеп алып, жүргізуші куәлігінсіз жолаушы тасымалдаған қазақстандық ұсталды , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 12:34

Сурет: Абай облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жүргізушіге қатысты да заң талаптарының бұзылғанын анықтады. 42 жастағы азаматтың жүргізуші куәлігінің қолданылуы уақытша тоқтатылғаны белгілі болды. Яғни, ол көлік басқару құқығы шектелген кезеңде жолаушылар тасымалымен айналысқан.

"Тексеру нәтижесінде автобус арнайы айыппұл тұрағына орналастырылды. Қазіргі уақытта анықталған құқық бұзушылықтарға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылдануда",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ішімдіктің буына елтіп үйінде ойран салған қазақстандыққа үкім шыққанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: