Астанада кәмелетке толмаған жасөспірім көлік басқарғаны үшін ұсталды

Астанада кәмелетке толмаған жасөспірім көлік басқарғаны үшін ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.03.2025 22:20 Сурет: Zakon.kz
11 наурызда түнгі уақытта Астана қаласының Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері күдік тудырған Audi маркалы автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында көлікті басқарған жүргізушінің 17 жаста екені және өзімен бірге ешқандай құжаттары болмағаны анықталды. Сонымен қатар, аталған автокөлік оның әкесіне тиесілі екені белгілі болды.

Заңбұзушылыққа байланысты жасөспірімге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің тиісті баптары бойынша шара қолданылды. Сонымен қатар, басқару құқығы жоқ адамға көлік құралын пайдалануға рұқсат бергені үшін көлік иесі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автокөлік мамандандырылған коммуналдық тұраққа қойылды.

Астана қаласы gолиция департаменті азаматтарға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңызды екенін еске салады.

"Жасөспірімдерге көлік құралын басқаруға рұқсат беру олардың өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігіне үлкен қатер төндіретінін ескертеміз", - делінген хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: