Алматылықтар тұрғылықты жеріне жақын маңда автокөлігін тегін қоя алады

Алматыда автотұрақ кеңістігін ұйымдастыру қағидаларын жаңарту көзделіп отыр. Тиісті жобаны мәслихат отырысында Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев таныстырды., сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2026 11:09 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда автотұрақ кеңістігін ұйымдастыру қағидаларын жаңарту көзделіп отыр. Тиісті жобаны мәслихат отырысында Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев таныстырды.

Құжатқа сәйкес, көппәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары тұрғылықты жерінен 500 метр радиуста орналасқан бір коммуналдық автотұрақта бір автокөлікті тегін қою алады. Бұл ретте нақты автотұрақ орны бекітілмейді. Мұндай тәсіл автотұрақты барлық пайдаланушы үшін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар құжатта автотұрақтарды жабдықтау, олардың жұмыс тәртібі мен төлем жасау тәсілдеріне қойылатын бірыңғай талаптар белгіленген. Қағидалардың сақталуы мобильді және стационарлық фото және бейнетіркеу кешендері арқылы бақыланады.

Жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында қолданыстағы жеңілдік мерзімдері де сақталады. Жолаушыларды отырғызу немесе түсіру үшін тротуар бойындағы автотұрақтарда алғашқы 5 минут, ал алаңдық автотұрақтардан шығуға 10 минут тегін уақыт беріледі.

Бұған қоса, бұрынғыдай соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, электр көліктерінің иелері және жедел қызметтердің көлік құралдары автотұрақ ақысын төлеуден толық босатылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: