"Сынап бағаны ақырындап көтеріледі". Алматы бойынша алдағы бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Қалың қар түскеннен кейін алдағы жеті күнде мегаполисте күндіз де, түнде де қатты аяз болады деп күтіледі. Жауын-шашын мен тұман болатыны да болжанады. "Қазгидромет" РМК Zakon.kz сайтына осы демалыс күндері және қаңтардың келесі аптасына арналған ауа райының алдын ала болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК-ның Алматы және Алматы облысы бойынша филиалының жетекші инженер-синоптигі Дәулет Кісебаевтың айтуынша, алдағы жеті күнде оңтүстік астанада суық ауа райы сақталып, көктайғақ болады, тағы да қар жауады.

"Алматыда демалыс күндері қар жауады. Сенбі түнінен жауып басталған қар жексенбіде де өз жалғасын табады. Тұман мен көктайғақ болады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде: -15...-17°С, күндіз -11...-15°С шегінде болады", – дейді "Қазгидромет" РМК өкілі.

Сондай-ақ, синоптик аптаның басынан ортасына дейін жауын-шашынсыз ауа райы болжанатынын, арасында қаланы тұман басып, көктайғаққа жол берілетінін айтады.

"Ауа температурасы түнде -15...-17°С-ден -8...-10°С-ге дейін, күндіз - 5...-7°С-ден -1...-3°С-ге дейін біртіндеп көтеріледі", - дейді Дәулет Кісебаев.

Алматы бойынша 2026 жылғы 17-23 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамы

 Бұған дейін Алматыда қалың қар жауып, жолдарда 10 балдық көлік кептелісі туындағанын жазғанбыз.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз