Абайдың "Қара сөздерін" ЮНЕСКО тізіліміне енгізу ұсынылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 2026 жылғы 21 қаңтарда өткен Үкімет отырысында Қазақстанның мәдени мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Жаркент мешіті мен Вознесенский соборын, сондай-ақ Қаратау жотасындағы петроглифтерді біріктіретін номинацияларды әзірлеу бойынша тиісті жұмыстар жүргізіледі. Бұл нысандарды ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу жоспарланып отыр.

"ЮНЕСКО талаптарына сәйкес 2026–2027 жылдары номинациялық құжаттама дайындалып, одан кейінгі жылдары түпкілікті шешім қабылданады. Ал Абайдың "Қара сөздерін" ЮНЕСКО-ның "Әлем жады" (Memory of the World) құжаттық мұралар тізіліміне енгізу үшін қажетті құжаттар сараптамалық бағалауға жіберілді", – деп атап өтті министр.

Айта кетейік, 2026 жылғы 20 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде Абайдың "Қара сөздерін" ЮНЕСКО-ның "Әлем жады" құжаттық мұралар тізіміне енгізу қажеттігін мәлімдеген болатын.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев
Балаева Аида
Құнанбаев Абай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады