Түлектердің ҰБТ-ны қайта тапсыратын мүмкіндігі бар

Сурет: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылғы түлектерге берілетін екінші мүмкіндік туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы Гүлжан Жарасова 2026 жылғы 22 қаңтарда Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингте былтыр ҰБТ- lfy өте алмай, жоғары оқу орнына түсе алмаған мектеп түлектеріне қандай мүмкіндік бар екенін түсіндірді.

Гүлжан Жарасова талапкерлердің Ұлттық бірыңғай тестілеуді жыл ішінде бес рет тапсыратынын, алайда мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін тек жазғы ҰБТ нәтижелері ескерілетінін еске салды.

"Егер талапкер былтыр ҰБТ тапсырғанымен, шекті балл жинай алмаса, биыл ол міндетті түрде қайта тестілеуге қатысуы керек. Жазғы ҰБТ нәтижелерімен ол конкурсқа қатыса алады. Иә, құжат тапсырып, грант конкурсына қатысуға толық құқығы бар", – деді ол.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады