"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің 2026 жылғы 24, 25 және 26 қаңтарға арналған болжамына сәйкес, циклон ел аумағы арқылы жылжыған сайын Қазақстанның басым бөлігіне жылы ауа массалары енеді. Соның нәтижесінде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі:
- орталық және шығыс өңірлерде түнде –5…–18°С;
- оңтүстік-шығыста –2…–7°С;
- таулы аймақтарда –7…–15°С.
Алайда солтүстік облыстарда аязды ауа райы сақталып, түнгі температура –20…–35°С шамасында болады.
Сонымен қатар, құрамында суық арктикалық ауа бар антициклон сілемі елдің батыс бөлігіне таралып, ауа температурасының төмендеуіне себеп болады:
- батыс өңірлерде түнде –15…–30°С;
- солтүстік-батыста –20…–35°С.
Бұған дейін қолайсыз ауа райына байланысты 23 қаңтар күні Астанада бірінші ауысымда оқитын оқушылар қашықтан оқуға көшетіні хабарланған болатын.
Сондай-ақ 23–25 қаңтар аралығында Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарын құбылмалы қысқы ауа райы күтіп тұр: ауа температурасы ауытқып, екпінді жел салқынды одан әрі күшейтеді.