Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Алматыда және Қонаевта 25 қаңтарда түнде тұман, жолдарда көктайғақ болатыны болжанады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді, тұман түседі деп күтіледі.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түсетіні болжанады.
Түнде және таңертең Абай облысының оңтүстігінде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Жарма ауданындағы екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Жетісу облысының таулы аудандарында кей уақыттарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданындағы екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді.
Түнде Түркістан облысының таулы аудандарында қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ болады, облыстың таулы аудандарында жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарныда тұман болатыны болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 25 м/с дейін жетеді. Шымкентте 25 қаңтарда түнде қар жауса, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болатыны болжанады, кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түркістанда 25 қаңтарда түнде қар жауып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с қамтиды.
Түнде Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында да қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түсетіні болжанады. Қарағандыда 25 қаңтарда түнде кей уақыттарда қар жауып, жаяу бұрқасын жүру ықтималдылығы жоғары болады.
Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, ал облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Жезқазғанда да 25 қаңтарда кей уақыттарда тұман болатыны болжанады.
Түнде Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде көктайғақ болып, таулы аудандарында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Кей уақыттарда тұман түсетіні болжанады. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұстарда 23-28 м/с дейін жетеді. Таразда 25 қаңтарда кей уақыттарда тұман болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ болатыны болжанады. Ақтауда 25 қаңтарда күндіз көктайғақ, түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ, ал облыстың орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Қызылордада да 25 қаңтарда кей уақытта тұман түсетіні болжанады.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман болады деп болжанады.
Бұған дейін синоптиктер Алматыда қаңтар айының соңына дейін аязды күндер сақталатынын айтқан болатын.