Қазақстанда кадр тапшылығы қай елдердің азаматтары есебінен өтелуде

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (ЕХӘҚМ) 2026 жылғы 28 қаңтарда 2025 жылы Қазақстанда қанша шетелдік еңбек еткені туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таратылған ақпаратқа сәйкес, жергілікті атқарушы органдардың рұқсаттары негізінде ел аумағында 14 210 шетел азаматы (шетелдік жұмыс күші) еңбек қызметін жүзеге асырған.

Шетелдік жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға бірінші санат бойынша (басшылар және олардың орынбасарлары) 397 рұқсат, екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 2 405 рұқсат берілді. Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 008 және 1 467 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 3 556 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 377 адам тартылды.

2025 жылы Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 816 жұмыс беруші тіркелді. Оларда 323,3 мыңнан астам Қазақстан азаматы еңбек етті, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%-ын құрады.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жұмыскерлердің ең көп саны мына салаларда шоғырланған:

Еңбек мигранттары келген негізгі елдер: Қытай – 6 090 адам, Өзбекстан – 3 093 адам, Түркия – 1 000 адам, Үндістан – 677 адам болды.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында ұлтына қарамастан, елдің дамуына үлес қоса алатын білікті шетелдік мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтті.

Сондай-ақ олардың Қазақстанда қалуы үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін, өйткені техникалық мамандықтар бойынша жоғары білікті кадрларға, өз ісінің нағыз шеберлеріне сұраныс жоғары екенін айтты.

Осы міндетті іске асыру, сондай-ақ ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес Қазақстанға шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеп, бөледі.

2026 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күші санына шаққанда 0,25% мөлшерінде, яғни 18,1 мың бірлік көлемінде белгіленді. Сонымен қатар үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбек иммигранттарын тартуға арналған квота республикадағы жұмыс күші санына шаққанда 2,9%-ды немесе 221,9 мың бірлікті құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды