Қазақстанда мұнай, газ және көмір қоры қанша жылға жетеді

Сурет: Zakon.kz
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов 2026 жылғы 28 қаңтарда Мәжілістегі жиын барысында жаңа жылу электр станциялары (ЖЭС) болашақта отынсыз қалу қаупі бар ма екенін айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр жаңа қуат көздері көмір мен газдан қалыспайтынын мәлімдеді.

"Мұндай қауіп бізде жоқ. Көмір қорымыз – 33,6 млрд тонна, жыл сайын 120 млн тонна көмір өндіріледі. Сондықтан, президент айтқандай, біздің көмір қоры 300 жылға жетеді. Ал мұнай мен газ қоры шамамен 40 жылға жеткілікті", – деді Ерлан Ақкенжанов.

2025 жылғы 5 қарашада Мәжіліс депутаттары көмірсутек және уран саласында пайдалы қазбаларды пайдалану тәртібін жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" заң жобасын мақұлдаған болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін