Павлодарда пәтер тонаған күдікті ұсталды

Фото: polisia.kz
Павлодар облысында жедел уәкілдер облыс орталығының 43 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ер адам пластик терезені сығымдау арқылы жеке тұрғын үйге заңсыз кіріп, құрылыс құралдарын ұрлаған.

Күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған. Ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысты бары тексерілуде.

"Пәтер ұрлығы мүліктік қылмыстардың ең көп таралған түрлерінің бірі болып қала береді. Біз қаскөйлердің әрекет ету тәсілдерін, соның ішінде тұрғын үйлер мен пәтерлерге кіру жолдарын жүйелі түрде талдап отырамыз. Азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырамыз: есіктерді күшейтуге, әсіресе төменгі қабаттарда терезелерді ашық қалдырмауға, сондай-ақ мүмкіндік болған жағдайда бейнебақылау немесе дабыл жүйелерін орнатуға кеңес береміз", – деп атап өтті Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері облыс аумағында пәтерлерден жасалған 6 ұрлық дерегі тіркеліп, олардың барлығы жедел қызметкерлермен ашылған.

Полиция мүліктік қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау жұмыстарын жалғастыруда және азаматтарды қырағы болуға шақырады. Күдікті жағдайлар туындаған кезде дереу полицияға хабарласу қажет.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін