ІІМ елордада екі адам көз жұмған жол апатына қатысты пікір білдірді

Фото: Zakon.kz
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Игорь Лепеха 2026 жылғы 29 қаңтарда Астанада екі адам қаза тапқан жол апатына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Спикер қайғылы оқиға 28 қаңтарда Сарайшық көпірінде болғанын еске салды.

"Жағдай белгілі болды, қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Өкінішті, екі адам қаза тапты. Айтар болсақ, қаза болғандар кінәлі емес. Іс қозғалғандықтан толығырақ ештеңе айта алмаймын",– деді Лепеха.

Сонымен қатар, ол апатқа кінәлі адамға қандай жазаның тағылуы мүмкін екенін де түсіндірді.

"Бұл – адам өліміне әкеліп соқтырған жол-көлік оқиғасы. Мұнда бас бостандығынан айыруға дейін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған", – деді министр орынбасары.

Еске салсақ, 28 қаңтарда елордадағы Сарайшық көпірінде жол апаты болып, екі адам қаза тапқан болатын.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған