Қарағанды облысының әкімі жаңа қоғамдық қызметке тағайындалды

Сурет: gov.kz
Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылы 29 қаңтарда өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жаңа қоғамдық қызметке кірісті. Өңір басшысы Қарағанды облысының үстел теннисі федерациясының төрағасы болып сайланды".

Қарағанды облысы үстел теннисі бойынша республикада жетекші орындардың бірін иеленіп келеді. Өңірде бұл спорт түрінің қалыптасқан бай дәстүрі бар: мұнда жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері, Қазақстан чемпиондары, халықаралық жарыстардың жүлдегерлері даярланған. Сондай-ақ облыстан ұлттық, жастар және жасөспірімдер құрамаларының мүшелері шыққан.


"Алдағы уақытта жеңісті дәстүрді сақтау және оны одан әрі дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқару көзделіп отыр. Басымдық кәсіби спортты дамытуға және жоғары деңгейдегі теннисшілерді даярлауға беріледі. Сонымен қатар бұқаралық спортты өркендетуге, халықты үстел теннисімен тұрақты түрде айналысуға тартуға және Қазақстан мен Қарағанды облысының халықаралық аренадағы спорттық имиджін ілгерілетуге ерекше назар аударылмақ", делінген әкімдік хабарламасында.

Ермағанбет Бөлекпаев Қарағанды облысының әкімі қызметін 2022 жылдың желтоқсан айынан бастап атқарып келеді.

Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған