Енді қазақстандық студенттер әскери кафедраға өтінішті кезек күтпей-ақ тапсыра алады

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері әскери кафедраға оқуға түсуге өтінішті eGov.kz порталы арқылы толық онлайн форматта бере алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мәліметіне сүйенсек, құжат тапсырудың жаңа тәртібі офицерлер мен запастағы сержанттарды даярлау бағдарламаларына конкурсқа қатысу процесін жеңілдетіп, еліміздің барлық өңіріндегі студенттер үшін оны ашық әрі қолжетімді етеді.

Әскери кафедрада оқу студенттерге негізгі біліммен қатар қосымша кәсіби даярлықтан өтуге мүмкіндік береді. Оқу курсын аяқтағаннан кейін түлектерге "запастағы лейтенант" немесе "запастағы кіші сержант" әскери атағы беріледі.

eGov.kz порталы арқылы өтінішті күндізгі бөлімде оқитын бакалавриат студенттері тапсыра алады. Өтініштерді қабылдау 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

"Бұрын студенттер құжаттарды тікелей жоғары оқу орындарында қағаз түрінде тапсыруға мәжбүр болатын. Біз азаматтардың мемлекетпен өзара іс-қимылын жеңілдету және офлайн жүгінуді азайту үшін сұранысқа ие қызметтерді кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіруді жалғастырып келеміз. Әскери кафедраларға онлайн өтініш қабылдау – осы бағыттағы тағы бір маңызды қадам". "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы Дәулет Бекманов

Өтініш берудің жаңа форматы тек ыңғайлылықты арттырып қана қоймай, тексеру процестерін де автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Өтінім жіберілер алдында жүйе үміткер туралы психоневрологиялық, наркологиялық және туберкулез диспансерлері бойынша, сондай-ақ мүгедектігінің және соттылығының бар-жоғына қатысты мәліметтерді автоматты түрде тексереді.

Жеке басын куәландыратын деректер мен білім туралы мәліметтер мемлекеттік ақпараттық жүйелерден пайдаланушының қатысуынсыз алынады. Байланыс телефоны Мобильді азаматтар базасында (МАБ) тіркелген болса, автоматты түрде толтырылады, ал болмаған жағдайда қолмен енгізіледі.

Қызметті пайдалану үшін пайдаланушыға:

Өтініштің қаралу нәтижесі пайдаланушының жеке кабинетінде "Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде қолжетімді болады. Оң шешім қабылданған жағдайда өтініш берушіге уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат ұсынылады. Бас тартылған жағдайда себептері көрсетілген дәлелді хабарлама жіберіледі.

Өтінішті қарау мерзімі оны тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күніне дейінгі уақытты құрайды.

Бұған дейін ауылдық елді мекендерде су жүйесін дамыту шығындарын есептеу әдістемесі бекітілгенін жазғанбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды