Өскемен қаласын қою түтін басып тұр

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Өскемендегі барлық орта мектептегі екі ауысымдағы оқушылар сабақты онлайн оқиды.

"Қазгидромет" облыс орталығында үш күн қатарынан екінші дәрежедегі қолайсыз метеорологиялық жағдайдың қалыптасқанын хабарлады.

Өскеменде жел соқпағалы үш тәулік болды.Салдарынан қала көк түтінге көміліп тұр, деп жазады qazaqstan.tv.

Экология депаратаментінің мамандары жылжымалы зертханамен әр аумақтан сынама алып ауа құрамын зерттеп жатыр.

Нәтижесінде қалада көміртегі тотығы шекті мөлшерден 1,5 есеге артқан. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Ал кешеден бері ауада күкіртті сутегі көміртегі тотығы, күкірт диоксиді сияқты зиянды металдар шекті мөлшерден асып кеткен.

Мұндай химиялық элементтер әрине ауыр өндірістер мен жылыту орталықтарынан бөлінеді. Оған жеке үйлерден шығатын көмірдің түтіні қосылып тұрғындардың тынысын тіпті тарылтып жібереді.

Ертіс пен Үлбі өзенінен көтерілген буда қалаға тұман болып шөгіп тұр. Ал дәрігерлер дәл бүгінгідей ауа ластанған күндері өскемендіктерге далада көп жүрмеуді ескертеді.

Өскемен
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі