Ақтауда есірткі заттарының заңсыз айналымы әшкереленді

Сурет: ҚР ІІМ
29 қаңтарда шамамен сағат 22:00-де Ақтау қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері есірткі заттарын жасырын қойып кету тәсілімен заңсыз сақтау және тарату дерегін анықтап, жолын кесті.

Полиция бөлімшелерінің бірлескен іс-қимылы нәтижесінде қаланың шағын аудандарының бірінде есірткі заттарын таратты деген күдікпен екі азамат ұсталды.

Тыйым салынған заттардың алдын ала дайындалған жасырын орындарда сақталып, таратылғаны анықталды.

Оқиға орны мен уақытша жалға алынған тұрғын үйді қарау, сондай-ақ ұсталғандардың өз еркімен жасырылған орындарды көрсетуі барысында заңсыз айналымнан зип-пакеттерге салынып, изолентамен оралған, жасыл түсті, өзіне тән иісі бар, өсімдік тектес, есірткі затына ұқсас заттар тәркіленді.

Сонымен қатар, қылмыстық әрекеттерді үйлестіру үшін пайдаланылуы мүмкін ұялы телефондар алынды. Медициналық куәландыру нәтижесі бойынша ұсталғандардың есірткі заттарын тұтыну дерегі анықталған жоқ.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер қашықтан басқарылатын куратордың нұсқауымен мессенджерлердің бірі арқылы заңсыз қызметпен айналысқан.

Ұсталған тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бағытындағы жүйелі жұмысты жалғастыруда және азаматтарды күмәнді деректер туралы "102" нөміріне хабарлауға шақырады.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қайрат Нұртас Қырғызстанда шоу жасап, желіні жарды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Президент көші-қон саясатын жетілдіру туралы жарлыққа қол қойды