Таратылған ақпаратқа сүйенсек, Талас ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсау заңдылығына талдау жүргізді.
"Талдау барысында аудандағы көпсалалы орталық ауруханасын күрделі жөндеу кезінде (аяқталу мерзімі – 2026 жылғы шілде) мердігер ұйымға құрылыс жұмыстарының жалған орындалу актілері негізінде 16 млн теңгеден астам қаражат негізсіз төленгені анықталды. Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Жамбыл облысы әкімдігінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына авторлық және техникалық қадағалаушыларды жоғарыда көрсетілген актілерге қол қойғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қадағалау актісін енгізді",- делінген ақпаратта.
Алайда Басқарма прокуратураны хабардар етпей, ұсынысты қарап, құқық бұзушылықтың жоқтығын алға тартып, оны орындаусыз қалдырған.
"Осы ретте прокурорды хабардар етпегені үшін Басқарма ӘҚБтК-нің 666-бабы бойынша 100 АЕК айыппұл мөлшерінде әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Прокуратура актісін қарау қорытындысы бойынша мердігер барлық жұмыстарды толық көлемде орындады. Сонымен қатар авторлық және техникалық қадағалау органдары ӘҚБтК-нің 317-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, әрқайсысына 400 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды".Жамбыл облысының прокуратурасы
Бұған дейін Оралда полицейлер алаяқтықпен айналысқан күдіктіні қолға түсіргенін жазғанбыз.