Lada.kz-тің құқық қорғау органдарына сілтеме жасап хабарлауынша, Жаңа жыл қарсаңында кешкі уақытта қыз дәмханада шайды төгіп алған. Осыдан кейін қоғамдық тамақтану орнының иесі жиһазды химиялық тазалауға кеткен шығынды дереу төлеуді талап еткен.
Жанжал соңы күш қолдануға ұласқан. Бейнежазбадан кафеде бірнеше ер адамның қызға физикалық күш көрсетіп жатқанын көруге болады – оны итеріп, ұстап, келушілердің көзінше шашынан сүйреген.
"Мен бас тартқан жоқпын, қазір ағама хабарласамын, ол келеді де, бәрін шешеміз дедім", – дейді жәбірленуші.
Оның айтуынша, туысын күтпеген. Жанжал кезінде оның ұялы телефонын, ноутбугін және ішінде сырт киімі бар екі пакетін күштеп тартып алған.
"Заттарымсыз және сырт киімімсіз кафеден қуып шықты, көшеде өтіп бара жатқан адамдардан телефон сұрадым", – делінген үндеуде.
Оның нақтылауынша, полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру фактісі бойынша іс қозғаған. Ал мекеме иесі 2026 жылғы 27 қаңтарда қарсы талап-арыз берген.
Құқық қорғау органдары қоғамдық орындарда кез келген зорлық-зомбылық көріністері жол берілмейтінін және оларға принципті құқықтық баға берілетінін атап өтті.