Оңтүстік өңірлерде күріштің көлемі қысқарады

Фото: Zakon.kz
Биыл оңтүстік өңірлерде күріш егісінің көлемі тағы да қысқарады. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Тоқтоғұл су қоймасындағы су қоры өткен жылғы деңгейден 1,8 млрд текше метрге азайған. Сол себепті "Шардара" су қоймасы су жинау режиміне ауыстырылды.

Бұл мәселелер Үкімет басшысының орынбасары Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен алқа отырысында қаралды, деп жазады qazaqstan.tv.

Биыл да вегетациялық кезең күрделі жағдайда өтуі мүмкін. Сондықтан шаруалар егін маусымынан шығынсыз шығу үшін күріш егісінің көлемі қысқартылмақ. Жауапты министрлік болжамға сәйкес су пайдалану лимитін белгілеп, егіс алқаптарын айқындады.

ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың хабарлауынш:

Сыр өңірінде тіршілік нәріндегі тапшылыққа байланысты күріш егісі соңғы 4 жылда 19 мың гектарға қысқарған. Солай бола тұра диқандар егінді әртараптандыруға баса мән беріп, су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдануда.

"Оңтайландырылған күріш көлемінің орнына егісті әртараптандыру мақсатында жүгері, соя, майлы дақылдар егу жоспарланып отыр". Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Бақыт Жақанов

Сонымен қатар, министрлік судың "қара нарығымен" күресті күшейтпек. Бұған бас прокуратура да қатысады, қауіп аймақтары белгіленіп, су беру келісімдері цифрлық форматқа көшірілмек.

Қызылорда
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев: Негізгі заңға жасалатын өзгерістер жаңа Конституция қабылдауды қажет етеді

Қазақстан азаматы Оңтүстік Кореядағы зауыттағы өрт кезінде жоғалып кетті

Қазақстанның 12 қаласында ауа ластанады

Алматы тұрғыны жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқаны үшін жазаланды

Жаңаөзенде ер адам өзінің әйелін өлтірді деген күдікке ілінді - марқұмның артында жеті баласы қалды