Ақтөбеде полицейлер дропперді ұстап, қомақты қаражаттың шетелге шығарылуына жол бермеді

Сурет: polisia.kz
Ақтөбеде киберполицейлер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында шекарада интернет-алаяқтарға жәрдемдесті деген күдікпен Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала тергеу барысында күдіктінің Ақтөбе аумағында дропперлерді басқарғаны, сондай-ақ жәбірленушілерден алдану жолымен алынған ақша қаражатын көршілес мемлекетке тасымалдап, кураторларына тапсырумен айналысқаны анықталды.

Үш жәбірленуші Instagram әлеуметтік желісіндегі жарнамаға сеніп, онда алаяқтар еліміздегі ірі кәсіпорындардың бірінің атауын пайдаланып, биржада акцияларды сату арқылы табыс табуды ұсынған. Нәтижесінде олар ақша қаражатын дропперлердің есепшоттарына аударған. Кейін күдікті бұл қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, шетелге алып шығуды жоспарлаған.

Үш жәбірленушіге келтірілген шығын 20 млн теңгені құрады. Аталған қаражат күдіктіден тәркіленіп, ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің автокөлігі коммуналдық айып тұрағына қойылды.

Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға, әлеуметтік желілердегі күмәнді жарнамаларға сенбеуге және белгісіз тұлғаларға ақша аудармауға үндеді. Күдік тудыратын ұсыныстар болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну қажет.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жаңа Конституцияға орай рақымшылық жарияланды: кімдер қылмыстық жауаптылықтан босатылады

2026 жылғы ауқымды рақымшылық – Тоқаев заңға қол қойды

Салық кодексіне жаңа түзетулер енгізілді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

Көршілері шағым түсірген: Астана тұрғыны мерекелік тосынсыйы үшін айыппұл арқалады